Қала арасында жеке көлікпен қатынауға болады

736

Пойыздар саны шектеліп, қала аралық автобустар тоқтатылады.  

Қала арасында жеке көлікпен қатынауға болады

Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті.

"5 шілдеден бастап шектеу шаларын қабылдау туралы шешімге байланысты 3 шілдеде бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің №44 қаулысы шығарылды. Оған байланысты өңірлер арасындағы әуе рейстерінің бағыттарына өзгерістер енгізілмейді. Жолаушылар пойыздарының бағыттары қысқарады. Қала маңы пойыздарының қозғалысы тоқтатылады. Жолаушылар пойыздарының жалпы вагондары жасақталмайды. Сонымен қатар қалалар арасында қатынайтын  жолаушылар автобустар тоқтайды. Әйтсе де қала арасында жеке көлікпен жүруге рұқсат етіледі", – деді Айжан Есмағамбетова.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу