Қала бюджетіне 1,8 млрд теңге кіріс кірді

519

Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев өзі басқарып отырған мекеменің бюджетін жариялады.

Қала бюджетіне 1,8 млрд теңге кіріс кірді

Оның сөзінше, басқарманың қазынасында 2 млрд 426 млрд теңге болған. Бүгінге дейін қаражаттың 74%-ы игерілген. 

"Жыл соңына дейін қалған қаражатты тиісінше жұмсаймыз", – деді Нұрлан Ұранхаев.

Бұдан кейін ол электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін тілге тиек етті.  

"Біз азаматтарға мемлекеттік қызметтің 79%-ын электронды түрде көрсетеміз", – деді басқарма басшысы.

Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, көрсетілген мемлекеттік қызметтен қала бюджетіне 1,8 млрд теңге кіріс кірген. Оның 830 млн теңгесі жер телімін сатудан, 686 млн теңгесі жер телімін жалға беруден түскен. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу