Қала күніне орай 5 мыңнан астам қонаққа әуежайда Алматы апорты таратылды

179

Халықаралық әуежайда демалыс күндері "Алматының символы – сыйлыққа" атты акция өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала күніне орай 5 мыңнан астам қонаққа әуежайда Алматы апорты таратылды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Шетелдік меймандарға хош иісті Алматы апорты ұсынылды. Іс-шараны Қала күніне орай Алматының Туризм басқармасы ұйымдастырды.

Апорт – жай ғана жеміс емес. Ол шаһар тарихынан сыр шертетін, мінезін айшықтайтын, талайдың балалық шағын еске түсіретін дәм. Қаланың өткені мен бүгінін, салты мен дәстүрін қысқаша әңгімелеп берген сәтте алманың дәмі ерекше әсер қалдырды.

Екі күн ішінде акция аясында халықаралық рейстермен келген 5 мыңнан астам жолаушы осындай ерекше сый-сияпатқа ие болды. Біреулер үшін бұл қазақ мәдениетімен алғаш танысу болса, енді біреулер үшін қайта оралуға себеп болатын жылы естелікке айналды.

Алматыға деген қызығушылық артып келеді: 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында қалаға келген туристер саны 6,5% өсіп, 1 миллион 140 мыңнан асты. Қаланың имиджін ілгерілету, ауқымды іс-шараларды өткізу және әуе қатынасын кеңейту Алматыны өңірдегі ең тартымды туристік орталықтардың біріне айналдырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу