Қала мен ауыл арасында цифрлық теңсіздік бар

1131

Инфрақұрылым мен жиілікті бірлесіп пайдалану қажет.  

Қала мен ауыл арасында цифрлық теңсіздік бар

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мейрам Пішембаев шалғайдағы ауылдарды сапалы интернетпен қамту жұмысын  жеделдету қажет екенін мәлімдеді.

"Қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздік аумақтардың экономикалық дамуына толыққанды мүмкіндік бермейді", – деді депутат. 

Ол ауылдарға байланыс қызметін ұсынатын операторлар, экономикалық тұрғыдан тиімді болатынын айтты. 

"Инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану байланыс операторларына инфрақұрылымдық шығыстарды азайтуға, байланыс желісінің сапасын арттыруға, сондай-ақ мобильді және спутниктік байланыс желісінің құрылысын жылдамдатуға жағдай жасайды", – деді Мейрам Пішембаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу