Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, 2023 жылы ауыл мектептерін жан басына қаржыландыруға толық көшеміз.
"Біз 2020 жылы барлық қала мектептерін жан басына қаржыландыруға көшірдік және оның оң нәтижесін көріп отырмыз. Біріншіден ол – әртүрлі өңірлердегі мектептерді қаржыландыру көлемін біршама теңестіріп, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік берді. Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға және білім беру саласына жекеменшік инвестиция тартуға жағдай жасады. Осы шара қала мен ауыл мектептері арасындағы сапа алшақтығын да шешуге мүмкіндік береді", – деді министр.
Қанат Махамбет