Қала тұрғыны әкімнен 446 мың теңге өндіріп алатын болды

841

Өткен жылдың көктемінде Семей қаласында Ертіс өзеніндегі су деңгейін түсіру мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізіліп, төрт бірдей көпқабатты үйдің терезелері сынған еді.

Қала тұрғыны әкімнен 446 мың теңге өндіріп алатын болды

Өткен жылдың көктемінде қуатты өндірістік жарылыс салдарынан пәтерінің терезесі күл-талқан болған семейлік тұрғынның арызы сотта қайта қаралды. Сот Семей қаласының әкімінен 446 мың теңге өндіріп алуға шешім шығарды, деп хабарлайды altaynews.kz.

2018 жылдың мамыр айында зардап шеккен тұрғынның пәтеріндегі жөндеу жұмыстары 35 мыңға бағаланған болатын. Алайда үй иесі мамандардың шығынды 331 мыңға бағалағанын айтып, бұл шешіммен келіспейтіндігін білдірген.

Қала тұрғының талаптары толықтай расталды деп таныған сот оның өтінішті қанағаттандырып, Семей қаласының әкімінен 446 мың теңге өндіруге қаулы етті.

Айта кетейік, аталмыш сомаға сот шығындары да кіріп отыр.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, өткен жылдың көктемінде Семей қаласында Ертіс өзеніндегі су деңгейін түсіру мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізілген. Жарылыстың қауаттылығы сонша, төрт бірдей көпқабатты үйдің терезелерін сындырып кеткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу