"Қала және ауыл әйелдерінің мүмкіндігін салыстыру қиын"

769

Елімізде ауыл әйелдерінің V республикалық форумы өтеді.   

"Қала және ауыл әйелдерінің мүмкіндігін салыстыру қиын" Фото: ortcom.kz

Қала және ауыл әйелдерінің мүмкіндігін салыстыру қиын. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Майра Айсина айтты, деп жазады inbusiness.kz

"Біз ауыл әйелдеріне басымдық беріп отырмыз. Мұның бірнеше себебі бар. Бүгінде қала және ауыл әйелдерінің мүмкіндігін салыстыру қиын. Олардың ақпаратқа қолжетімділігі әртүрлі. Одан бөлек ауылдағы әйелдердің жұмысы күрделі. Олар жаңа технологиялармен қамтамасыз етілмеген. Қалада тұратын әйелдердің мемлекеттік бағдарламаларда ұсынылатын мүмкіндіктерді пайдалануы әлдеқайда жоғары. Ауыл әйелдерінің әлеуеті толық ашылмай отыр деуге негіз бар", - деп түсіндірді Майра Айсина

Республикалық форум аясында әртүрлі мәселелер талқыланбақ. Оның ішінде инфрақұрлым, әйелдер кәсіпкерлігі, гендерлік теңдік және т.б. бар.

"Облыстық әкімдіктер тарапынан іріктеу жұмыстары өткізіледі. Әр облыстан 10 әйел қатысады. Олардың ішінде дәрігер, мұғалім, кәсіпкер, ауыл шаруашылығымен айналысатын әйелдер және т.б. бар. Жалпы 250-ге жуық қатысушы болады күтіп отырмыз", - деді "Жасыл экономика" және G-Global-ды дамыту коалициясы" ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов.

Ал, "Әлеуметтік динамика" ӘҚ директоры Елена Ожгоның айтуынша, үздік бизнес идея байқауында 20 жаңа есім жарияланады. Жеңімпаз әйелдерге 2 мың доллардан 4 мың долларға дейін грант табысталмақ.

"Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған жобамызға 10 жыл толды. Екі негізгі платформада білім беру бағдарламалары орналасқан. Ол арқылы әйелдер бизнес негіздерін меңгере алады. Жоба аясында 60 мыңнан астам әйел жаңа білім игерді. Біздің зерттеуміз ауылдағы әйелдердің 30%-ы өз ісін бастағысы келетінін көрсетіп отыр", -  деп атап өтті Елена Ожго.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу