Нұр-Сұлтанда 10 мектепке тарихи тұлғалардың есімі берілді

1290

№12 мектеп Жұмабек Тәшеновтің есімімен аталатын болды.

Нұр-Сұлтанда 10 мектепке тарихи тұлғалардың есімі берілді

Үкіметтің 2020 жылғы 6 ақпандағы №44 қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласындағы 12 мектептің аты ауысты. Қаулының толық мәтіні Аdilet.zan.kz сайтында жарияланды.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді", – делінген қаулы мәтінінде.

Премьер-министр Асқар Мамин қол қойған құжатта Нұр-Сұлтан қаласынағы №10 мектеп-гимназияға Жұмабек Тәшеневтің есімі, №48 мектеп-лицейге Ахмет Байтұрсынұлының, №52 мектеп-гимназияға Бейімбет Майлиннің,№56 мектеп-лицейге Шәкәрімнің, №57 орта мектепке Мәшһүр Жүсіптің, №58 мектеп-гимназияға Ілияс Жансүгіровтің, №68 мектеп-гимназияға Міржақып Дулатұлының, №76 мектеп-лицейге Әлихан Бөкейханның, №80 мектеп-гимназияға Сәкен Сейфулиннің, "Оқушылар сарайына" әл-Фарабидің есімі берілді. Ал №84 және №85 мектеп-лицейлер араб шейхтері  Халифа бен Заид әл-Нахаян мен Тәмим бен Хамад әл-Тәнидің есімін алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу