Бас-аяғы шаһардағы 30 фонтанның біреуі де тамшы су шашпайды. Аптап ыстықта көлеңке іздеген көпшілік, субұрқақтар сән үшін қойылған ба,- дейді.
Нақтысы, бірінің электр желісі жалғанбаған, енді бірінде сорғысы істен шыққан. Тіпті құбыры әр жерден тесіліп, қирап жатқандары да кездеседі. Плиталары опырылып түскен. Қаланың қақ ортасындағы алаңда да, жағдай осындай. Жастар аллеясындағы субұрқақ та кеуіп кеткен. Шаһар тұрғындары 35 градустық ыстықта, субұрқақтар саябақтағы аң мен құсқа да пана болары анық еді,- дейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу