Қаладағы жалғыз амфитеатр опырыла бастады

549

Ақтауда теңіз жағасындағы амфитеатрдың қабырғаларында жарықшақтар пайда болды. 

Қаладағы жалғыз амфитеатр опырыла бастады

Көрнекті нысан 2018 жылы Каспий жағалауындағы 5 мемлекеттің президенті қатысқан Саммит кезінде арнайы салынған еді. Арада 5 жыл өтер-өтпестен  сылақтары құлап, бағандары жарылып жатыр. Мамандардың сөзінше, мәдени алаңның мұндай күйге түсуіне ауа-райы әсер еткен. Қатты жел мен жаңбырдан сахнаның іргесі сетінеген. Алайда, құрылысты қайта тексеретін арнайы комисиия құрылмаған. Керісінше, қалалық әкімдіктегі жауапты бөлім қорқатын ештеңе жоқ деп сендірді.

"Өткенде қар жауды, жаңбыр жауды. Содан кішкене түсіп кеткен. Мердігер мекемеге айтылды. Өз қаражаты есебінен тез арада жөндейтін болады. Қазір қоршаумен жауып қойдық. Адамдарға қолайлы жағдай жасау үшін. Ешқандай қауіп жоқ", деді Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының басшысы Ғалымжан Серікбаев. 

Айта кетейік, 10 айда салынуы тиіс алып сахна бар-жоғы бір айдан аса уақытта тұрғызылған. Жағалауға көрік беріп тұрған нысанның ұзындығы 70, ал бағандары 9 метр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу