Елорда дәріханаларына қосымша 8 миллионнан астам медициналық маска жеткізілді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Қалалық емханаларға онкологиялық аурулармен ауыратын, жүкті және 65 жастан асқан адамдарға 300 мың маска берілді. Елбасының тапсырмасына сәйкес "Біргеміз" акциясы аясында 2 млн маска бөлінді. Маскалар 40 мың аз қамтылған отбасыға таратылады. Республикалық еріктілер фронт-офисы ұйымдастырған "Біргеміз!" акциясы аясында елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларға 100 мың маска таратылды. 30 мың маска елорда тұрғындарына тегін берілді",– дейді әкімдіктен.
Маска сатып алуға болатын мекенжайларды сілтеме арқылы өтіп, білуге болады.