Қалай шығысқазақстандық бизнесмендер "әдейі" банкрот болды?

1445

​Мүліктерді алдын ала сатып жіберген.

Қалай шығысқазақстандық бизнесмендер "әдейі" банкрот болды? Фото: Экономикалық тергеп-тексеру департаменті

ШҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Кәсіпкерлер палатасы заңсыз банкрот болған кәсіпорындар туралы талқылау өткізді. Жиында қасақана банкрот болған бизнесмендердің мысалын келтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Департамент өкілінің айтуынша, "Рич Ресурс" ЖШС банкроттық жариялауға дейін үш жыл ішінде кәсіпорынның 5 автокөлігі мен бір жер учаскесін жеке адамдардың атына аударған. Осылайша, ол 396 млн теңге шығын келтірген. Кәсіпорын басшысы ШҚО сотының шешімі бойынша 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Келтірген шығыны толық өтелді.
Ал "АлтайСпецПромМонтаж" деген ЖШС-нің директоры несиені жабу үшін 77 млн теңгеге жеті көлікті сатып жіберген. Көліктер кәсіпорынға тиесілі еді. Директордың бір жыл бас бостандығы шектелді. Оның арестегі мүліктері кәмпескеленді.

Әдейі банкроттық жасау Қылмыстық кодекстің 238-бабы бойынша қаралады. Былтыр департамент осы бап бойынша төрт қылмыстық істі қараған. Оның үшеуінде айыптау үкімі шығарылған. Ал біреуі бойынша іс әлі өндірісте.

Таунар Қайратұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу