Қала автобустарының жартысына жуығы жаңартуды қажет етеді

611

Биыл қаңтар-мамыр аралығында автомобиль және қалалық электр көлігі компанияларының кірісі 148,9 млрд теңге болды. Былтырғы кезеңнен 35,4%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz ranking.kz порталына сілтеме беріп.

Қала автобустарының жартысына жуығы жаңартуды қажет етеді Фото: Константин Шелков

Оның ішінде жүк тасымалдаудан түскен кірістер бір жылда 39,5%-ға артты (104,2 млрд теңге). Ал жолаушылар тасымалдаудан түскен кірістер 26,6%-ға артты (44,6 млрд теңгеге дейін өсті).

Такси тасымалынан 1,8 млрд теңге түсті – 5,8% өсім.

Кейінгі жылдары әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялау мәселесі жиі айтылып жүр. Жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз, сондықтан субсидия ұлғаймады. Ұлттық экономика министрлігіне республикалық бюджеттен субсидиялауға қаражат бөлу туралы ұсыныс енгізілген.

Қалалық маршруттарда автобус паркін жаңарту мәселесі өзекті. Қазір 10,7 мың автобус жүріп тұрса, соның 46%-ы тозуға таяу. 

Қазақстандық компаниялардың халықаралық тасымал нарығына қатысуы жыл соңына дейін 10%-ға төмендеуі мүмкін. Мұндай алдын ала есепті "Атамекен" Ұлттық палатасының сарапшылары шығарды. Қазақстандағы Беларусь және Ресей жүк көліктеріне қатысты "қайта тіркеуге" салынған тыйым алынып қалуы мүмкін. Сонымен бірге елде шетелдік компаниялардың қатысуы артып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу