"Мамандандырылған күзет қызметі бүгінгі күні, қала мектептерінің 38% енгізілген. Жергілікті атқарушы органдар бұл бағытта қосымша 828 млн теңге мөлшерінде сома бөлді. Бірақ әлі де қосымша қаржы бөлу керек. Қаражат 8 өңірде жеткіліксіз: Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы", – деді министр.
Асхат Аймағамбетовтың сондай-ақ тағы бір мәселені көтерді.
"Бұл білім беру ұйымдары болғаннан кейін, күзет әр жыл сайын ауыса бермеуі үшін арнайы күзет қызметімен қол қойылатын келісім шарттарын кем дегенде 1 жылдан 3 жылға дейін ұзарту мүмкіндігін Қаржы министірлігінен қарастыруды сұраймыз", – дейді министр.
Аян Бекенұлы