Қалалардың ластануы. Қазақстан бұл рейтингте нешінші орында?

4445

Ең таза ел – Финляндия.

Қалалардың ластануы. Қазақстан бұл рейтингте нешінші орында?

Қалалардағы экологияның ластануы бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 35-орында (жалпы рейтингте 115 орын). Ластану индексі – 73,4. Индекс неғұрлым жоғары болса, жағдай соғұрлым нашар деген сөз, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеп.

Былтырғы қорытындыға сәйкес, Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күрделі инвестициялар 163,9 млрд теңге болды. 2020 жылға қарағанда 4,3%-ға қосылған. Инвестицияның көбі Жамбыл облысына бағытталған (52,8 млрд теңге – бір жыл бұрынғыға қарағанда төрт есе көп).

Одан кейін елорда (26 млрд теңге, бір жылдағы өсім – жеті есе) мен Ақтөбе облысы (19,8 млрд теңге, өсім екі есе) тұр. 

ТОП-5 өңір қатарына Атырау мен Шығыс Қазақстан облыстары енді.

Ең аз күрделі инвестиция бұйырған – Алматы облысы (579,6 млн теңге). Солтүстік Қазақстан облысында бұл секторда күрделі инвестиция байқалмады.

Камерун, Моңғолия және Мьянма – қалаларының ауасы ең лас үш ел. 

Ал Финляндия ең тазасы, онда индекс – небәрі 12,1. 

Рейтингке қатыстырылған ТМД елдері арасында Молдова, Украина, Ресей, Армения және Беларусьте жағдай бізге қарағанда жақсы. Ал Әзербайжанда нашар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу