Қалалық ауруханада COVID-19 бөлімшесі жабылды

1096

Бұл емдеу бөлімі екі жыл науқастарды қабылдаған еді.

Қалалық ауруханада COVID-19 бөлімшесі жабылды

Павлодар қаласындағы №3 қалалық ауруханасы осыдан екі жыл бұрынғы жұмыс режиміне қайта оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2020 жылдың 14 сәуірінде 337 төсек-орны бар ауруханада короновирустық инфекцияны емдейтін арнайы бөлім жасақталды.

"Аталған госпитальде екі жыл аралағында 7 758 адам емделді. Олардың қатарында 3 876 науқастың жағдайы тым ауыр еді. Өкінішке қарай, 103 тұрғын қауіпті індеттен көз жұмды", – делінген хабарламада.

Енді №3 қалалық аурухана дәрігерлері жоспарлы түрде науқастарды қабылдай бастады. Тұрғындар эндокринология, неврология бөлімдері мен ковидтен кейінгі оңалтау орталығында қажетті ем-дом ала алады.

Бұған дейін карантинге дейінгі жұмыс режиміне Сұлтанов атындағы облыстық аурухана, №1 Павлодар қалалық ауруханасы мен кардиологиялық орталық оралған еді. Ал облыс орталығындағы модульдік госпиталь мен Екібастұздағы қалалық аурухана әлі де коронавирустық инфекциясы бар тұрғындарды қабылдауда.

Айта кетейік, екі жыл аралығында Павлодар облысының 78 017 тұрғынынан COVID-19 анықталды. Ал соңғы тәулікте өңірде инфекция жұқтырған бірде-бір адам болған жоқ.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу