Қалалық автобус парктерін жаңартуға 30 млрд теңге бөлінеді

780

Тасымалдаушыларға автобустарды 7 жыл мерзімге нөлдік мөлшерлемемен сату туралы шешім қабылданды. 

Қалалық автобус парктерін жаңартуға 30 млрд теңге бөлінеді

"Жасыл Даму" шотындағы қаражатты халық игілігіне пайдалану керек", – деген Роман Скляр жеңілдетілген автониелеуге 100 млрд теңге қарастырылатынын атап өтті.

Сонымен қатар шоттағы қомақтың соманың тағы бірақ бөлігі автобус парктерін жаңартуға жұмсалмақ.

"30 млрд теңге қалалық автобус паркін жаңартуға жұмсалады. Бұл қажеттілік әлдеқашан туған, бірақ белгілі бір қиындықтар бар Автобус сатып алу, белгілі бір пайыздық мөлшерлемемен төлеу біздің тасымалдаушылар үшін тиімсіз болады. Олар автобус алуға жұмсалған қаражатты жолақысы тарифіне қосады, бұл тиімсіз. Сондықтан біздің тасымалдаушыларға автобустарды 7 жыл мерзімге нөлдік мөлшерлемемен сату туралы шешім қабылданды", – деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.

Еске сала кетсек, Роман Скляр "Жасыл Даму" шотында жинақталған 220 млрд теңге ел азаматтарының игілігіне жұмсалады. Сондықтан оның 100 млрд теңгесі жеңілдетілген автонесиелеуге бөлінетінін айтқан. Бұған қоса ол утильалымы тарифі 50%-ға төмендетілетінін мәлімдеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу