Елімізде қалалық автобус тасымалдарын дамыту жөніндегі кешенді шаралар әзірленді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Аталған министрлікке қарасты Көлік комитетінің дерегіне қарағанда, елімізде автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі шамамен өткен жылдың деңгейінде сақталып отыр.
"Отандық автотасымалдаушылардың халықаралық жүк тасымалдау нарығындағы ұстанымын нығайту мақсатында сатып алынатын ершікті тартқыштарды кәдеге жарату алымынан және алғашқы тіркеу алымынан босату жөнінде шешім қабылданды. Сондай-ақ, қалалық автобус тасымалдарын дамыту бойынша шаралар кешені әзірленді. Оны іске асыру саладағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді", – делінген ведомство мәліметінде.
Сонымен қатар ЕАЭО көлік дәліздері жүйелерімен ықпалдастырылған көлік құжаттарын басқару жүйелерін цифрландыру; халықаралық жүк тасымалы үшін рұқсат беру жүйесі рәсімдерін автоматтандыру; еліміздің автобус паркін жаңарту сияқты жұмыстар жалғасады.