Шымкентте шақырту түсіп, аттануға асыққан өрт сөндірушілер арнайы техниканы суға толтырып жатқан кезде құдықтың гидрантын жұлып алған, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Салдарынан Жангелдин көшесі бойында Шәмші Қалдаяқов көшесінің қиылысы алдында көп қабатты үйдің биіктігіндей су көкке атқылап, жарты сағатта көшені басып қалды.
30-шілдеде түнде қалалық су арнасы суды уақытша тоқтатуға мәжбүр болды, бірнеше көше тұрғындары сусыз қалды. Кейбір аулаларды су басты.
Төтенше оқиға орын алған жерге келіп жеткен апатқа қарсы бригада құдыққа түсіп, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бүгін жағдай ретке келді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу