Қалалық жолдар жаңаруда

987

Қалалық жолдар жаңаруда

Биыл Өскеменде жолдар жаңатехнология бойынша жөнделіп жатыр. Автокөлік жолдарына қиыршық тасты мастикалық асфальт төсеу әдісі қолданыла бастады. Мұндай жол жабындысы 40 градус аяз бен қатты ыстыққа да өте төзімді, дейді мамандар. Қазіргі таңда Шығыстың бас шаһарында жоспарланған 18 жол учаскенің 6-ы жаңартылды. Тың технологиямен жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын облыс әкімі жіті бақылауына алған. Қосымша қаражат бөлінген соң, жол жөндеу жұмыстары қаланың ішіндегі тағы 100-ге жуық көшеде жүргізілмек. Сонымен қатар, Сәтпаев және Жібек Жолы даңғылдарын қайта салуға, қала ішінде жаңа жолдар төсеу үшін қосымша 9 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Аймақ басшысы осы кезде жұмыстардың сапасын қатты қадағалау қажет болатынын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу