Қалалықтар ауыл тұрғындарына қарағанда көбірек ажырасады

743

Көбінесе ортақ баласы жоқ ерлі-зайыптылар ажырасады.

Қалалықтар ауыл тұрғындарына қарағанда көбірек ажырасады

Қазақстанда өткен жылы 48,2 мың ажырасу тіркелсе, соның 34,8 мыңы (72,2%) қала тұрғындарының үлесіне тиесілі, деп жазды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

"Елордада ажырасудың жоғары деңгейі байқалды, 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 3,54 жағдайды құрады, Түркістан облысында ең төмен – 1000 адамға 1,20 жағдай", – деп хабарлады бюро. 

Көбінесе ортақ баласы жоқ ерлі-зайыптылар ажырасады екен – 60,5%, ортақ бір баласы барлар арасындағы ажырасу үлесі – 20,8%, кәмелетке толмаған 2 және одан көп баласы барлардың үлесі – 18,7%. 

Ажырасқандардың некеде болған уақыты бойынша үлесі:

  • 34,1% – 10 жылдан астам отасқандар;
  • 26,3% – 5-9 жыл отасқандар;
  • 21,4% – 2-4 жыл отасқандар;
  • 7,8 % – 1 жылдан артық отасқандар;
  • 5,5% – 1 жылға дейін отасқандар.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу