Қалалықтардың жалақысы ауыл тұрғындарына қарағанда 40% жоғары

949

Еліміз бойынша ең жоғары айлықты Нұр-Сұлтан тұрғындары алады. 

Қалалықтардың жалақысы ауыл тұрғындарына қарағанда 40% жоғары

Қазақстанда 2020 жылдың І тоқсанында жан басына шаққанда орташа айлық кіріс 177,4 мың теңгені құрады, деп хабарлады finprom.kz. 

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 7,4%-ға жоғары.  2019 жылдың І тоқсанында орташа айлық 165,1 мың теңге болатын. Ал инфляция 6%-ды құрады.
Алайда 2019 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда қазақстандықтардың кірісі 0,4%-ға төмендеген. 

Қала тұрғындарының жалақысы ауыл тұрғындарының айлығынан 40,4% жоғары. Мәселен,2020 жылдың І тоқсанында қала тұрғындарының орташа кірісі 201,3 мың теңге болса, елдімекен тұрғындарының жалақысы 143,3 мың теңгеге тұрақтаған. 
Өңірлер бойынша ең жоғары айлық – 241,6 мың теңгені Нұр-Сұлтан тұрғындары алады. Бұл орташа республикалық деңгейден 36,2%-ға жоғары. 

Одан кейінгі орында 224,1 мың теңге көрсеткішімен Алматы және 212,1 мың теңгемен Қарағанды облысы. 

Ал орта есеппен ең төменгі жалақы – 102,8 мың теңге Түркістан облысында тіркелген. 

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу