Қалалықтарға қарағанда ауыл тұрғындары кәсіпкерлікке бейім

1004

Қалалықтарға қарағанда ауыл тұрғындары кәсіпкерлікке бейім

Қазақстанда тіркелген жеке кәсіпкерліктердің (ЖК) 726 мыңы ауылда болса, 564 мыңы қала халқына тиесілі.

Дегенмен, ауыл халқына мол мөлшердегі несие көздері қолжетімсіз болып отыр, деп жазады naryk.kz.

Кәсіпкерлік белсенділіктің деңгейі ауылда қаламен салыстырғанда анағұрлым жоғары. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, ҚР қалаларында еңбек ресурсы құрылымындағы 15,4 пайыз азамат қана өзін өзі жұмыспен қамтушылар болса, ауылдағы бұл көрсеткіш 39 пайызды құрайды.

Сонымен қатар, ауылдағы кәсіпкерлердің еңбек өнімділігі де артып келеді. Атап айтар болсақ, ауыл халқының өзін өзі жұмыспен қамтушы азаматтардың 52 пайызы жеке кәсіпкер. Салыстыру үшін айта кетейік, 2013 жылы бұл көрсеткіш 35 пайызды құраған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу