Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау мұнай құбырының учаскесі пайдалануға берілді

1462

Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау мұнай құбырының учаскесі пайдалануға берілді

Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау магистралдық мұнай құбырының 189 шақырымнан 264,5 шақырымға дейінгі учаскесі пайдалануға берілді. Бұл туралы "КазТрансОйл" АҚ KASE-ге хабарлады.

2013 жылы басталған, батыс қазақстандық кен орындары тобының қосымша мұнай көлемін экспортқа тасымалдау кезінде сенімділік пен қауіпсіздікті арттыру мақсатында ұзындығы 75,5 шақырым мұнай құбыры учаскесі Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау және Өзен-Жетібай-Ақтау магистралдық мұнай құбырын қайта жөндеу жобасы аясында жасалды.

Жоба үш кезеңде жүзеге асырылды, онда 366,35 км құбыр ауыстырылды. Жобаның құны  2013-2017 жылдары ҚҚС-мен бірге 69,4 млрд теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу