Қаламқас кен орны аумағында тағы да төтенше жағдай орын алды

1707

№8237 ұңғымасы жанынан су-газ қоспасы атқылаған.

Қаламқас кен орны аумағында тағы да төтенше жағдай орын алды

Қаламқас кен орнында 22 мамыр күні №8237 ұңғымасы жанынан су-газ қоспасы атқылап, биіктігі 40-50 сантиметрге дейін жеткен. Бұл туралы  "ҚазМұнайГаздың" жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

Компания төтенше жағдайда шұғыл әрекет жасалғанын айтады.

"№8237 апаттық ұңғымасы техногендік газ бен судың қайта шоғырлануы байқалған кезде жеңілдетуші ұңғыма ретінде пайдалану үшін икемделді. Ұңғыма сағасы өртке қарсы құрылғылармен жабдықталып, босаған газ бен суды технологиялық ыдыстарға құю желісі орнатылды. Қазіргі таңда жедел штаб құрылып, су-газ қоспасының пайда болу аймағында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, оны оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр",– делінген хабарламада.

Радиусы 500 метр аумақта 8 су айдау ұңғымасының жұмысы тоқтатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу