"Қаламқас" кен орнындағы жағдай президент бақылауында

1153

Мұнай кен орнында өрт болып жатыр.

"Қаламқас" кен орнындағы жағдай президент бақылауында

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қаламқас" мұнай-газ кен орнындағы орын алған төтенше жағдайдан хабардар, сондай-ақ мәселе оның жеке бақылауында. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де жазды.

"Үкіметке "Қаламқас" кен орнындағы өртті тоқтатып, төтенше жағдайды қалыпқа келтіру жөнінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырдым. Бұл мәселе менің бақылауымда", – делінген жазбада.

Бұған дейін хабарлағандай, 13 наурызда "Қаламқас" мұнай кен орнында бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылап, төтенше жағдай орын алған еді. Дегенмен энергетика министрлігі мұнайдың жер бетіне жайылмағанын, төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары толық жүргізіліп жатқанын айтқан еді. Алайда 25 наурызда 8232 ұңғымасында газ-су қоспасының ошағынан өрт шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу