Қаламқас мұнай кен орнында өрт болып жатыр

4889

Өрт аумағы 900 шаршы метрге жеткен.

Қаламқас мұнай кен орнында өрт болып жатыр

Қаламқас мұнай кен орнында газ жанып жатыр. Бұл жайында ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның дерегінше, 25 наурыз күні сағат 07-10-да Маңғыстау облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне Маңғыстау ауданындағы "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ-тың "Қаламқас" мұнай кен орнындағы ұңғымалардың бірінен шыққан газ жанып, биікті 10 метрге дейін жалын атқылап тұрғандығы туралы хабарлама түсен. Өрт аумағы 900 шаршы метрді құрайды.

"Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге "Семсер өрт сөндіруші" ЖШС және "Қаражамбас" ЖШС үкіметтік емесөрт сөндіру қызметтерінің 14 маманымен 4 техникасы жұмылдырылған",– деді Нұрсұлтан Нұрахмет.

Айта кетейік, "Қаламқас" мұнай-газ кен орнында "Си Бу" инженерлік бұрғылау компаниясы" ЖШС жобалық тереңдігі 903 метрлік №8237 ұңғымасын бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылап, төтенше жағдай орын алған еді.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу