Қаламқаста төгілген мұнай әлі тазартылып жатыр

1043

Бір аптада 486 тонна қалдық шығарылды.

Қаламқаста төгілген мұнай әлі тазартылып жатыр

"Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамына тиесі Қаламқас кенішінде құбырдан мұнай ағып, арнайы комиссия құрылған болатын. Мұнай компаниясының жұртшылықпен байланыс бөлімі таратқан ақпаратқа сенсек, №65-топтық қондырғы аумағы 99% тазартылса, №41 топтық қондырғы учаскесінде ластанған аумақты тазалау жұмыстары әлі жалғасуда.

"Мұнай қалдықтары "ЭкоОйлСерви" ЖШС-нің күшімен шығарылып, одан әрі өңделуде. 2020 жылдың 10-16 ақпан аралығында 486 тоннадан астам қалдық шығарылды", – делінген компанияның ақпаратында. 

Осы оқиғаға байланысты құрылған комиссия құрамына экологтар мен өндіріс мамандары кірді.  Еске салсақ, 8 ақпанда Қаламқас кен орнындағы шыны-пластик құбырдан мұнай ағып,  шикізат тасымалы  резервтік құбырға ауыстырылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу