"Калашниковты" ауласына жасырған

730

Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде үйінің ауласына қару жасырған Жаңатұрмыс ауылының 19 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды inbusiness тілшісі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.  

"Калашниковты" ауласына жасырған

Қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезіндегі ұрланған қаруларды табу мақсатында қолға алған жедел-іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Үй ауласында жерге көмулі жатқан суық қаруларды полиция қызметкерлері 10-нан 11 ақпанға қараған түнгі іздестіру жұмыстары барысында тапқан.

Өз кінәсін мойындаған 19 жастағы азаматтың ауласынан "Калашников" маркалы бір бірлік автомат, үш травматикалық газ тапаншасы, автоматқа арналған 76 патрон және тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 26 патрон табылып, тәркіленді.

Қазір осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сонымен қатар сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу