"Қалбатау-Майқапшағай" тас жолының құрылысы биыл да бітпейді

253

Осы жылы құрылысы ұзаққа созылған басқа жолдар пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр. 

"Қалбатау-Майқапшағай" тас жолының құрылысы биыл да бітпейді Фото: Қазавтожол

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биыл біз құрылысы ұзаққа созылған 3 жолды бітіреміз. Бұл Алматы мен Астананың арасы, Атырау-Астрахань және Ақтөбе-Қандыағаш жолдары. Енді "Қалбатау-Майқапшағай" жолы келесі жылға қалады", - деді министр.

Тілшілер "2022 жылда бітуі тиіс "Қалбатау-Майқапшағай" жолы неге 2025 жылға қалды?" деп нақтылады.

"Жобаның ерекшелігі болды. Жобаның бағасы, мердігер компаниялардың және басқа да мәселелер болды. Оған қоса бұл пандемияның уақытына сәйкес келді", - деп жауап берді Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу