Қалдықсыз өңдеудің тың тәсілін тапты

917

Қалдықсыз өңдеудің тың тәсілін тапты

Риддердегі орман шаруашылығы институтының ғалымдары ағаш қалдығынан 40-тан астам өнім түрлерін жасауға болатынын анықтады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Өнімді қалдықсыз өңдеудің тың тәсілін ойлап тапқан орман шаруашылығы институтының ғалымдары ағаш қалдығынан күнделікті тұрмысқа қажетті тақтайлар мен биоотын жасауды ұсынып отыр. Себебі, өңделген ағаш жоңқасынан жоғары сапалы өнім жасап шығаруға болады екен.

"Егер жергілікті өндіріс орындарының қуаттылығы мықты болса, ағаш қалдығын өңдеу көлемін 20 пайызға арттыруға мүмкіндік бар. Алайда, біздің кәсіпкерлер мұндай ауқымды істі игеруге дайын емес. Өйткені, облыстағы ағаш өңдеу тәсілі ескірген. Жалпы, аудан көлемінде жылына 40 мың текше ағаш кесіледі. Алдағы уақытта ағаш қоры молынан игерілетін болса, орман кластері құрылады. Бұл екі жаққа да тиімді", – дейді Риддердегі орман шаруашылығы институтының директоры Андрей Калачев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу