Қалдықтардан да пайда табуға болады

988

Қалдықтардан да пайда табуға болады

Кез келген жерде шашылып жатқан пластик қалдықтармен целлофан, пакеттерден де пайда табуға болады. Талдықорғандық кәсіпкер Санат Жақсыбеков шағын цех ашып, қажетсіз қалған заттарды кәдеге жаратып отыр. Осылайша, шаһар тазалығына үлес қосып, экологияны зиянды қалдықтардан арылтуғакірісті. Әзірге тәжірибе жүзінде қаланың бірнеше бөлігіне, шикізат жинайтын жәшіктер орнатқан. Қол астындағы 5 қызметкер үш күн сайын барлығын жинап шығады. Бұдан бөлек, тұрғындардан полиэтилен пакеттің 1 келісін - 30, ал пластик бөтелкені 15 теңгеден қабылдайды. Мұнан соң оны пресстеп, Алматыдағы қайта өңдеу зауыттарына жібереді.

Санат Жақсыбеков, "Нархоз" ЖШС директоры: "Істеп жатқанымыз осы вторсырья. Сомен айналысып жатырмыз. Жұмысшы 5 адам істейді. Бұдан синтипон жасайды. Крышаға черепицалар жасайды. Ол гранулаға ауысқаннан кейін, көп продукция шығады бұдан".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу