Экология және табиғи ресурстар министрлігі қалдықтарды жинаумен, тасымалдаумен, қайта пайдалануға дайындаумен, сұрыптаумен, қайта өңдеумен, кәдеге жаратумен, залалсыздандырумен және айналысатын компанияларға қаржылық төлемдердің жаңа мөлшерлерін белгілейтін бұйрық жобасын әзірледі. Тиісті заң жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Бұрын мемлекет қайта өңдеушілерге белгіленген мөлшерлемелер бойынша өтемақы төлеп келсе, енді олар АЕК-ке байланатын болады. 2023 жылы 1 АЕК 3450 теңгені құрайды.
Құжатқа сәйкес, қарапайым шиналарды жинаушылар мен өңдеушілерге тоннасына 13,5 АЕК (46 575 теңге) (бұрын 37 мың теңге), ал үлкен шиналар үшін тоннасына 17,15 АЕК (59 167,5 теңге) төлеу ұсынылып отыр. Пайдаланылған майларды қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін – тоннасына 2,98 АЕК (10 281 теңге), ал ескі батареялармен жұмыс істейтіндер – жиналған қалдықтардың тоннасына 2,39 АЕК (8 245,5 теңге) құрайды.
Ескі дөңгелектерді жинаушылар қазірдің өзінде екі рет өтемақы алатынын атап өткен жөн: мемлекеттен әкелу кезінде кәдеге жарату төлемі түрінде және ескі дөңгелектерді өткізген көлік иелерінен.
Жаңа тарифтер елдегі экологиялық және қайта өңдеу процестерін тиімдірек реттеуге және ынталандыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Экология министрлігі.