Қалдықты "қымбаттатқан" кәсіпорын айыппұл арқалады

Монополист бағаны негізсіз өсірген.  

Қалдықты "қымбаттатқан" кәсіпорын айыппұл арқалады Фото: Канва

Павлодар қаласында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, бюджеттік ұйымдар мен кәсіпорындар аумағында жиналған тұрмыстық қалдықтарды жинауға "Спецмашин" ЖШС жауапты. Алайда аталмыш кәсіпорын өз қызметі үшін заңды тұлғалардан негізсіз көп ақы алып отырған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Павлодар облысы бойынша бәсекелестікті дамыту және қорғау департаменті жүргізген тексеріс нәтижесі осындай заңсыздықты анықтады. Монополист компания заңды тұлғалардан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығарудың бағасын жоғары етіп бекіткен. 

"Тексеріс компания тарифінде кәсіпорынның жұмысына тікелей қатысы жоқ негізсіз шығындар енгізілгенін анықтады. Нәтижесінде монополистке олқылықтарды жоюға қатысты ескерту берілді", - деп хабарлайды департамент өкілдері. 

Сонымен қатар, кәсіпорын 6,5 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл соманы компания ерікті түрде бірден өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу