Каледегі тағы жүзге жуық босқын баласы Британиядан пана табады

1081

Каледегі тағы жүзге жуық босқын баласы Британиядан пана табады

Ұлыбритания Францияның Кале қаласындағы босқындар лагерінен тағы да жүздеген босқын баланы қабылдайды.

 Бұл туралы Корольдіктің ішкі істер министрі мәлімдеді деп хабарлады 24.kz.

Оның айтуынша, бүгінге дейін Британия 200 босқын жасөспірімді паналатқан. Әсіресе Тұманды Альбионда туысы бар балаларды қабылдауға басымдық берілді.

Айта кетейік, Каледе "Джунгли" деп аталып кеткен босқындар лагерін дүйсенбіден бері қиратылып жатыр. Осы уақытқа дейін онда тұратын 5500 адам Франциядағы арнайы лагерьлерге қоныстанды. Бұл мигранттардың дені – Ла-Манштағы еуротуннель арқылы Ұлыбританияға өтуді көздегендер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу