Медиация институтын дамыту бойынша кеңес құрылмақ

1163

Кәлетаев пен Асанов меморандумға қол қойды.

Медиация институтын дамыту бойынша кеңес құрылмақ

2018 жылғы 9 тамызда ҚР қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев және ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов медиация және азаматтық қоғамдағы өзге де татуласу үрдістері саласындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Құжатқа қол қою барысында Дархан Кәлетаев қоғамдағы шиеленісті төмендетудің қолданыстағы тәсілдерінің бірі ретінде Қазақстандағы медиацияны дамытудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, аталған меморандумды бекіту маңызды әрі өзекті шара болып саналады.

"Өздеріңіз білетіндей, министрліктің жаңа бағыттарының қатарында медиация институтын дамыту бар. Осы бағытта қоғамның өзін-өзі реттеу қабілетін арттыру жөніндегі жобаларды енгізу, шиеленіс пен дауларды тиімді шешуге қоғамдық құрылымдар әлеуетін тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде", - деді қоғамдық даму министрі.

Дархан Кәлетаев азаматтық қоғам өкілдерін және медиаторлардың қатысуымен тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасатынын айтты. Сонымен қатар, ҚР қоғамдық даму министрлігі жанында медиация институтын дамыту мәселелері бойынша кеңес құру жоспарлануда.

Меморандум шеңберінде тараптар азаматтық қоғам институттарын тарту арқылы татуласу үрдістері туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ынтымақтастықты дамытуды, тұрғындарға шиеленістер мен дауларды реттеу бойынша қызметтер кешенін көрсету үшін татуласу орталықтарының жұмысын ұйымдастыруды, сондай-ақ медиация сапасын жақсартуға жағдай жасауды қолдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу