"Әзірет-Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" мен "Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына "Ұлттық" мәртебе беру көзделіп отыр, деп жазады inbusiness.kz.
Жарлыққа қоса берілген түсіндірмеде көрсетілгендей, бұл мәдениет саласында ерекше мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар мәдениет ұйымына мемлекеттік қолдау көрсету, сондай-ақ оның қызмет көрсету сапасын көтеру мақсатында жасалып отыр.
"Әзірет-Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына және "Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына "Ұлттық" мәртебе берілсін", - делінген құжатта.
Құжатты көпшілік талқылау мерзімі – 23 тамызға дейін.