Калифорния штатындағы Калабасас және Хидден-Хиллс қалаларында жылдам тараған өртті қасақана өртеді деген күдікпен ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап.
"Кеннет" өрті жылдам таралып, 800 акр аумақты шарпыды. Бұл Лос-Анджелестегі "Палисейдс" және "Итон" сияқты үш ірі өрттің бірі болды.
Өрт салдарынан 10 адам қаза тапты, аймақтағы 10 мыңнан астам ғимарат бүлінді.
Полиция орманға әдейі өрт қойды деген күдікпен ер адамды ұстады. Ақпаратқа сәйкес, жергілікті тұрғын сағат 16:30-да аймақты өртемек болған күдікті туралы ақпарат берген. 30 жастағы ер адам Вудленд-Хиллзта ұсталды.
Қазір ол полиция бөлімінде. Құқық қорғау органдары өрт қасақана қойылды деген нұсқаны алға тартты.