Калифорния штатында орман өрті салдарынан 30 мыңға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Лос-Анджелестің маңындағы орман өрттері жергілікті уақыт бойынша сағат 10.30-да басталды. Желдің екпіні сағатына 80 шақырымға дейін барады. Жауын-шашынның болмауы да жағдайдың нашарлауына себеп.
Пасифик-Палисейдс аймағында 3 мың гектарға жуық жер өртенді. Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом өртті жою жұмыстары жалғасып жатқанын айтып, Лос-Анджелесте төтенше жағдай жариялады.
Бұдан бөлек Пасифик-Палисейдс аймағынан 25 миль қашықтық жерде де өрт болды.
Poweroutage.us сайтындағы мәліметке сәйкес, аймақта 250 мыңға жуық адам жарықсыз қалған, тағы 13 мыңға жуық тұрғын үй мен мекемелерге өрт қаупі төнді.
Көптеген мектепте сабақтар тоқтатылды. Электр қуатының үзілуіне байланысты метро желісінде кідірістер байқалады.