Бұл туралы Джо Байден баспасөз мәслихатында айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік ТАСС-қа сілтеме жасап.
– Бұл – Калифорния тарихындағы ең кең таралған және жойқын өрт, – дейді ол.
АҚШ билігі өртті сөндіру үшін Калифорнияға қосымша өрт сөндіру экипаждары мен ұшақтар жіберуге мәжбүр болған. Сондай-ақ, Канададан да өрт сөндіру бригадалары мен өрт сөндіру ұшағы әкелінген. АҚШ президенті 360 мың адамның қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлап отыр.
Байден өрттің нақты шығынын айтпаса да, оның көлемі өте көп болатынын жеткізген. Президент Калифорниядағы орман өртіне байланысты апатты жағдай жариялаған болатын.
Еске салайық, бұған дейін "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ орман өртіне байланысты стипендиаттарға үндеу жасағанын жазған едік.