Калифорния тері бұйымдарына тыйым салады

735

Штат билігі қол қойған құжат 2023 жылдан бастап күшіне енбек.

Калифорния тері бұйымдарына тыйым салады

Сонымен қатар Калифорнияда хайуандардың, атап айтқанда аю, жолбарыс, маймыл мен пілдердің  циркте өнер көрсетуіне де шектеу қойылады. Бұл туралы штат губернаторы Гэвин Ньюстің пресс-релизінде жарияланды.

Мұндай заң қазір Германияда күшіне енген, ал 2020 жылдан бастап АҚШ-тың бірнеше штатында қабылданбақ.

Жаңа ереже бойынша, теріден жасалған киім, сөмкелер мен аяқ киімдердің өндірісі мен сатылымына тыйым салынбақ. Дегенмен, құжатта жазылғандай, діни мақсатта қолданылатын ірі қара мал мен қой терілерінен жасалған өнімдердің сатылымы мен өндірісі сол күйі жұмысын жалғастыра бермек. 

Бұған дейін Калифорния штатының әуе ресурсі жөніндегі кеңесі аймақтың толықтай жасыл автобустарға, яғни қоршаған ортаға зиянды газ бөлмейтін автобустарға 2040 жылға дейін көшуін құжат жүзінде бекіткен болатын.  

Штат губернаторы Гэвин Ньюс: "Калифорния – хайуандарды қорғау мәселесі бойынша көш бастап келеді, яғни біз теріден киім-кешек жасайтын саланы тыюымыз керек. Аю, жолбарыс сияқты жануарларды адам көңілін көтеру үшін оттан секіртуді доғару керек",– деді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу