Калифорнияда маймыл шешегіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

905

АҚШ-тың осымен үшінші штатында, Нью-Йорк пен Иллинойстан кейін, маймыл шешегінің өршуіне байланысты төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz cnbc.com-ға сілтеме бере отырып.

Калифорнияда маймыл шешегіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсомның айтуынша, төтенше жағдай жариялау мемлекетке вакцинация жағынан көмектеседі. Қазіргі таңда жұқтырғандар саны өскен сайын вакцинаға сұраныс артып, вакцина жетпей жатыр. 

Калифорния шұғыл медициналық көмек қызметкерлерін вакцинацияға көмектесуге жұмылдырады. Ньюсом мырза тестілеу, контактілерді іздеу және халықты ақпараттандыру арқылы вирустың таралуын бәсеңдету үшін бар күшін салып жатқанын айтты.

Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметтері бойынша, АҚШ-тың 48 штатында 6000-ға жуық маймыл шешек ауруы тіркелген. Денсаулық сақтау органдары мамыр айында алғашқы жағдай расталғаннан бері ауру тез таралғанын айтады.

Тркелген шешек ауруының 47%-ы Калифорния, Иллинойс және Нью-Йорк сынды елдің ірі үш қаласында анықталған. Нью-Йорк – АҚШ-тағы індеттің эпицентрі болып саналады. 

Маймыл шешегі сирек жағдайда өлімге әкеледі және осы уақытқа дейін АҚШ-та бірде-бір өлім тіркелген жоқ. Ғалымдар мен денсаулық сақтау саласының өкілдері егер ауру оқшауланбаса, маймыл шешегі АҚШ-та үнемі таралуы мүмкін деп алаңдайды.
Өткен айда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегін жаһандық төтенше жағдай деп жариялады. ДДСҰ мәліметтері бойынша, кем дегенде 78 елде 19 мыңнан астам маймыл шешегі ауруы тіркелген. Вирус Солтүстік Америка мен Еуропада кеңінен таралатындықтан, індет ерекше емес. Бұрын маймыл шешегі батыс және Орталық Африкада төмен деңгейде таралған, онда вирус кеміргіштер мен басқа да жануарлар арқылы тасымалданады.

Маймыл шешегі негізінен жыныстық қатынас кезінде терімен жұғады. Қоғамдық денсаулық сақтау өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта гейлер мен бисексуалдардың жұқтыру қаупі жоғары.

CDC мәліметтері бойынша, пациенттердің шамамен 98%-ы ер адамдармен жыныстық қатынасқа түскен ер адамдар екені анықталды.

Дегенмен денсаулық сақтау қызметкерлері осы ауруға тән бөртпесі бар адамнан немесе сүлгі секілді ластанған материалдар арқылы ауыру жұқтыруы мүмкін екенін бірнеше рет атап өтті. Өткен айда CDC АҚШ-та балаларға вирус жұқтырудың алғашқы екі жағдайын растады, оларға отбасылық заттар арқылы берілуі мүмкін.

Сонымен бірге адам аузынан шыққан ауа түйіршіктерімен де жұғуы мүмкін, бірақ бұл ұзақ уақыт бетпе-бет келген жағдайда болуы мүмкін.

Денсаулық сақтау өкілдерінің айтуынша, инфекцияның негізгі таралу жолы физикалық байланыс болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу