Бұл туралы inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Құқық қорғау органдарындағы түрлі ақпарат көздері жүргізушінің оқ жарақатынан қайтыс болғанын хабарлады.
Жексенбінің басында құқық қорғау органдарының дереккөздері CNN-ге полиция жүргізушісі 10 адамның өмірін қиған Калифорниядағы атысқа қатысы бар болуы мүмкін ақ жүк фургонын тоқтатуға тырысқанын айтты.
Калифорния штатындағы Монтерей-Парк қаласында ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды тойлау барысында белгісіз біреу оқ жаудыра бастаған, нәтижесінде он адам қайтыс болды, тағы он адам зардап шекті.
Монтерей-паркі Лос-Анджелес қаласының орталығынан шығысқа қарай 16 шақырым жерде орналасқан, қалада Азия елдерінен келгендердің ірі диаспорасы бар.