Калифорнияда орман өрті 2 мың гектарға жайылды

1100

Қызыл жалын Мексика мен Канада шекарасында орналасқан үш штаттың тас жолына жақындап қалған.

Калифорнияда орман өрті 2 мың гектарға жайылды

Калифорнияда орман өрті өршіп тұр. Тілсіз жау 2 мың гектар жерге жайылған, деп хабарлайды 24.kz.

Билік Реддинг қаласының маңында тұратын тұрғындарды дереу эвакуациялауға кірісті. Мектептерде сабақ тоқтатылды. Қызыл жалын Мексика мен Канада шекарасында орналасқан үш штаттың тас жолына жақындап қалған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бірнеше көлік жүргізушісін күйік шалған. Қауіпсіздік мақсатында автожолдарда қозғалыс тоқтатылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға шашамен 600 маман жұмылдырылды.

 Апаттың не себептен пайда болғаны белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу