Калифорнияда су тасқынынан қаза болғандар саны артты

693

Калифорнияда су тасқынынан қаза болғандар саны артты

Калифорниядағы су тасқыны мен көшкінінен мерт болғандар саны 13 адамға жетті, деп хабарлайды КазТаг.
Санта-Барбара округі полициясы өкілінің мәліметінше, АҚШ-тың Калифорния штатының оңтүстік бөлігіндегі су тасқыны мен көшкінінен кем дегенде 13 адам мерт болған. Оның айтуынша, қаза тапқандар саны жақын уақытта өсуі мүмкін.  
Көшкін салдарынан бірнеше үй қираған, кей тұрғындар із-түссіз жоғалып кеткен.  
Апта басынан бері Оңтүстік Калифорнияда нөсер жаңбыр толастамай тұр, штаттың бірнеше ауданының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу