АҚШ-тың Калифорния штатының Сан-Хосе қаласындағы шіркеулердің бірінде бірнеше адам пышақталды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Құқық қорғау органдары шабуыл жасаған адам туралы мәліметті жарияламады. Белгілісі: қаскөй қамауға алынған. Жарақат алғандардың нақты саны да әзірге белгісіз, әлі анықталып жатыр. Жергілікті Kron4 басылымының дерегінше, екі адам қаза тапқан.
Қазір осы іске қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр.
Еске сала кетсек, 31 қазанда Францияның Лион қаласындағы шіркеуде де осындай шабуыл жасалған еді. Дін қызметшісі шіркеудің есігін жабайын деп жатқан сәтте қаскөй оған екі мәрте оқ атып, оқиға орнына қашып кеткен еді. Бірақ полицейлер оны дер кезінде қолға түсірген болатын.
Табиғат Нұрболат
Фото: kktv.com