Калифорниялық компания Украина аумағын минадан тазартуға көмектеседі

421

Мемлекеттік департамент Tetra Tech компаниясына Украина аумағын минадан тазартуға көмектесетін 47,6 миллион доллар аударылатынын жариялады. 

Калифорниялық компания Украина аумағын минадан тазартуға көмектеседі Фото: Photo by Andrii Navytskyi.

Мемлекеттік департамент Калифорния компаниясымен ынтымақтастықтың басталғанын жариялады, оның міндеті - Украина аумағын минадан тазартуға жедел көмек көрсету. Мемлекеттік Департаменттің ресми өкілі Нед Прайс бұл туралы сейсенбі күні түстен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Күнделікті баспасөз брифингінде сөйлеген сөзінде Прайс Калифорниядағы Tetra Tech компаниясына Украина аумағын минадан тазартуға көмектесетін 47,6 миллион доллар аударылғанын хабарлады. Бұл жоба Мемлекеттік департамент тамыз айында жариялаған 91,5 миллион долларлық арнайы қордан қаржыландырылды.

Жобаның шарттарына сәйкес, Tetra Tech Украина билігіне Украина қалаларының тұрғын аудандарында Ресей әскери күштері қалдырған жарылмаған мина құрылғыларын, оқ-дәрілерді, қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар мен басқа да жарылғыш заттарды табуға және жоюға көмектеседі.

"Tetra Tech үкіметтік топтарға халықаралық стандарттарға сәйкес жарылмаған миналар мен снарядтарды минадан тазарту мен залалсыздандыру бойынша тренингтер өткізеді және оларға өз жұмыстарын орындау үшін қажетті құралдарды ұсынады", - деді Прайс. Сонымен қатар компания "Украинаның саперлер қауымдастығы" арқылы жарылғыш заттарды залалсыздандыру мен оқ-дәрілерді өңдеу бойынша топтарды орналастыруға қолдау көрсетеді.

Нед Прайс тек соңғы 36 сағат ішінде Ресей Украинаның коммуналдық қызмет нысандарына соққы беріп, 100-ге жуық зымыран ұшырғанын атап өтті.

"Температураның төмендеуін пайдаланып қарапайым адамдардың азаптарын күшейтуге бағытталған ресейлік шабуылдар барып тұрған қатыгездік. Украина өз азаматтары үшін су мен электр қуатын қалпына келтіру жолында жұмыс істеп жатқанда, Америка Құрама Штаттары әлі де егеменді, тәуелсіз Украинаның жеңісіне сенеді, сондықтан әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізу үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деді Прайс.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу