АҚШ-тың Калифорния штатында бірнеше күн жауған жауын тасқынға ұласты, деп хабарлайды 24.kz.
Аймақтағы өзен арнасынан асып, Герневилль қаласын су басты. Құтқарушылар өңірдегі халықты эвакуациялауға кірісті. Табиғат апатынан тұрғындар туғандарымен байланысқа шыға алмай отыр. Халық көшеде темір тұлпарларының орнына қайықпен жүзіп жүр.
Мамандардың хабарлауынша, өзенде су деңгейі 13 метрге жетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу