Қалқұтан өзені тасып, 20 ауланы су басты

1733

Ауылға көлік қатынасы тоқтады.

Қалқұтан өзені тасып, 20 ауланы су басты

Ақмола облысында Қалқұтан өзені тасып, Старый Колутон ауылында 20 ауланы су басты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Су деңгейі – 15 см. Қазіргіуақытта үйлер маңайына құм толтырылған қаптармен бөгет жасалып жатыр. 170 қап қойылды, тағы 120-сы дайындалды", – деді облыстық ТЖ департаментінен.

Жұмысқа 40 адам мен 11 бірлік техника тартылған.

"Ауылға көлік қатынасы тоқтады, бірақ азы-түлік пен ең қажет заттар дер кезінде алынып үлгерді", ­–  деді ведомстводон.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу