"Кальмар ойыны" криптовалютасы күрт арзандады

696

Қазір оның бағасы шамамен 0,003574 доллар.

"Кальмар ойыны" криптовалютасы күрт арзандады Фото: reuters.com

Netflix-тің "Кальмар ойыны" сериалы негізінде шығарылған squid деп аталатын криптовалютаның бағасы нөлге дейін төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz CoinMarketCap порталына сілтеме жасап. 

Өткен аптада токеннің бағасы шамамен 70 есе өскен болатын. 27 қазанда бір токен 0,06 долларға сатылса, ал 29 қазанда 4,2 долларға дейін қымбаттады. 1 қарашада оның бағасы рекордтық 2 857 долларға жетті, содан кейін 99,9%-ға төмендеді. Қазір оның бағасы шамамен 0,003574 доллар.

Валюта сериалдың сюжеті бойынша өтетін онлайн ойында қатысуға мүмкіндік береді. Ол алты раундтан тұрады, бірақ түпнұсқадан айырмашылығы – қатысушылар үшін қауіпсіз. Ойынға қатысу үшін құны 30 мың доллардан асатын Squid токенін алу шарт. Бұл соманың 10%-ын криптовалютаны шығарушылар алады, ал қалғаны ойын жеңімпазына арналған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу